Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 және 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 995 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
1-тармақтың 4), 7), 10), 13) тармақшалары және 2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 7, 82-құжат): 
4-тармақтың 1) тармақшасы және 5-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын және 2) тармақшаны; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 23 және 24-тармағында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін; 
3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацын, 148), 149) тармақшаларын, 14-тармағының 70), 72), 75), 134), 213), 214), 215) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 қазандағы
 N 995 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 6 сәуірдегі
 N 310 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi