Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы » 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы » 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 186 қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Атом энергиясы комитеті құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;
2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;
3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитетіне берсін;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
5. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 шiлдедегi № 926 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 862-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 186 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия