Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1068 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 18 қарашадағы
 N 1068 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында: 
2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органына" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде: 
бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер тиісінше "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың оныншы абзацындағы ", меншік нысандарына қарамастан", "(бұдан әрі - ұйымдар)" деген сөздер алып тасталсын; 
14-тармақтың алтыншы және жиырма екінші абзацтарындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
15-тармақтың бірінші абзацындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
21-тармақтың екінші абзацындағы "оқыту орталықтарында," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
5-тармақтың үшінші абзацындағы "Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органмен" деген сөздер "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат): 
тақырыбында және 1-тармақтағы "қаржы полициясы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi