Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 19-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 554-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi