1. Қоса беріліп отырған кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 140-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысымен бекiтiлген
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң тізбесі
1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай сыйақы) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен, оның iшiнде:
1) қызметкерлерге нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе орындалған жұмыс үшiн еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген белгiленген лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) негiзге ала отырып есептелген жалақыдан;
2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан;
Полная версия