1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.10.2012 № 1269 Қаулысымен. (07.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2012 № 1269 Қаулысымен. (07.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
Полная версия