Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.»;
2, 4-тармақтар және 7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
2. Осы қаулы 2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi