Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.10.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2320 Қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2010 № 395 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
3. Мекеме қызметінің негізгі мәні:
1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасында жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингі
3) Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2320 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерінің тізбесінде:
«Аса маңызды мемлекеттік объектілері» деген I бөлімде:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша аса қауіпті заттарды, Қазақстан Республикасында бақылануы тиіс бактериологиялық, биологиялық, жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды әзірлеу, шығару, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары» деген 3-кіші бөлімде:
Полная версия