«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.02.2013
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.02.2013 жылғы № 151 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.06.2012 № 776 қаулысымен. (01.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана, 2010 жыл
Паспорт
бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 749 Қаулысымен. (12.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Атауы Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Әзірлеуге арналған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- негіз инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысы Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мақсаты Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту. Міндеті Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру; АӨК-ның қазіргі инфрақұрылымын дамыту; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлемдік ғылым тренділеріне сәйкес АӨК-нің басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру; АӨК мұқтаждары үшін қажетті біліктілігі жоғары кадрларды даярлау Іске асыру мерзімі 2010-2014 жылдар Нысаналы индикаторлар Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; АӨК-нің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға өсіру; техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру; АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан бастап 2015 жылға қарай кемінде 2 есе өсіру; ел экспортының жалпы көлеміндегі аграрлық саланың экспорттық әлеуетін 2015 жылға қарай 8 %-ға дейін өсіру; азық-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 %-дан астам отандық азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету Қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттердің көздері мен қаражаты, ресурстар мен бюджеттен тыс көлемдері көздердің қаражаты (АӨК субъектілерінің қаражаты, қарыз қаражаты, инвестициялар мен қаржы институттарының қаражаты). Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 2010 - 2014 жылдары мынаны құрайды: барлығы – 1 035 963,72 млн. теңге, о.i. 2010 жылы – 228 265,70 млн. теңге 2011 жылы – 220 313,46 млн. теңге 2012 жылы – 188 289,24 млн. теңге 2013 жылы – 181 742,54 млн. теңге 2014 жылы – 212 352,78 млн. теңге. Жергілікті барлығы - 243 892,0 млн. теңге, о.і. бюджеттердің 2010 жылы - 4 134,50 млн. теңге шығыстары: 2011 жылы - 50 114,20 млн. теңге 2012 жылы - 56 517,70 млн. теңге 2013 жылы - 62 438,40 млн. теңге 2014 жылы - 70 687,20 млн. теңге Бағдарламада көзделген іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
АӨК-де республиканың тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап елдің бүкіл экономикасында едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.
Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жеке меншікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды. Экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті.
Осы бағытта 2000 - 2002 жылдары бәсекеге қабілетті салалық ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірістерін тұрақтандыруды көздеген Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасы іске асырылды.
Полная версия