Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1242 Қаулысы
Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолда "110389" деген сандар "112363" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:" деген жолда "44088" деген сандар "46062" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Астана қаласының Ішкі істер департаменті" деген жолда "2530" деген сандар "2818" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Алматы қаласының Ішкі істер департаменті" деген жолда "4393" деген сандар "4593" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Алматы облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "2679" деген сандар "2892" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "4234" деген сандар "4500" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "2059" деген сандар "2252" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "1904" деген сандар "2013" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "4977" деген сандар "5051" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "1581" деген сандар "1781" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Қостанай облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "2672" деген сандар "2816" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "1589" деген сандар "1726" деген сандармен ауыстырылсын; 
"Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті" деген жолда "4031" деген сандар "4181" деген сандармен ауыстырылсын. 
2. Қосымша санды ұстау өңірлердің жергілікті бюджеттерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi