Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес 
«Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 51 Бұйрығын қараңыз
Редакция 02.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 24) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында клиникалық даярлауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған клиникалық базалардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері көрсетілген тізбеге сәйкес клиникалық базаларды мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай және коммуналдық төлемдерді өтемей беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 2 наурыздағы
 № 157 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 178-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 989 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 403-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 16 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 12-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 543 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 708 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 292-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 188 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 2, 77-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 1037 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 301-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 369-құжат).
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 2 наурыздағы
 № 157 қаулысына
 қосымша
Полная версия
ИС BestProfi