Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже; 
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1817 Қаулысымен (14.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 12 қазандағы
 N 943 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1817 Қаулысымен (14.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттіктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Полная версия
ИС BestProfi