«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) және 17) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2016
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1017 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 1128 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) Отандық өңделген таурларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) 4-тармақтан басқа «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 40-құжат);
2) «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын,
сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін отандық өнделген тауарлар тізбесін бекіту және «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
29 қарашадағы № 1265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 551-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1017 қаулысымен бекітілген
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
2. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін экспорттаушылардың сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, қызметтердің тізбесінде көзделген отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілететін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) беріледі.
3. Отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.
Полная версия