Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 және 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1442 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 167-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 5-бағанындағы «2010 жылғы қазан» деген сөздер «2011 жылғы 2 тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі       Қазақстан Республикасының 
Полная версия
ИС BestProfi