Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1469 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Салалық даму бағдармалары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-жолдың 5-бағанындағы «2010 жылғы 1 қазан» деген сөздер «2011 жылғы 1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3. Институционалдық қайта құру» деген бөлімде:
«3.2. Ұйымдастырушылық өзгерістер» деген кіші бөлімде:
57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
57 | «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ға кредиттік агенттіктің функцияларын беру | «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | 2010 жылғы желтоқсан | 1 500 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия