Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
Осы Қаулы өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 792 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
5-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2009 жылғы № 374 Қаулысына сәйкес
5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2011 жылғы № 461 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2011 жылғы № 965 Қаулысымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2011 жылғы № 1487 Қаулысымен (02.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
5-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің N 1 аймақаралық салық комитеті" аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
Полная версия
ИС BestProfi