Близость слов: Окончание:





Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1228 Қаулысы
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі   құрылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан   туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай   толықтырулар енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 254-құжат): 
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
"3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру"; 
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы". 
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін. 
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi