Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 Қаулысы
"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) қосу жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын. 
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе); 
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
3. "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін. 
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды; 
3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 
5. "Kazakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources  Corporation PLC" қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін. 
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін "Kasakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін. 
7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде: 
1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді; 
2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін. 
8. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын. 
9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 
Полная версия
ИС BestProfi