Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 қаулысымен бекітілген
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1, 404-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
тексеру нәтижесі оң болған жағдайда - мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды;
депозитке беруге өтінімі тиісінше ресімделмеген не депозитке салуға ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайда, депозитке беру өтінімі мен материалдар жиынтығының қайтарылуы – мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он үш күннен аспайды;
Полная версия