Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
4) осы қаулыға тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері.
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінен және оның аумақтық бөлімшелерінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық құралдарды және өзге мүлікті  беруді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне тиісті, қажетті мүлікті бере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетін таратуды қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Экономикалық даму және сауда әрі Сыртқы істер министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi