Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34 бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 Қаулысы
Осы редакция 06.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу »;
2) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу »;
3) «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу »;
4) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу »;
5) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау »;
6) «Қолжазбаларды сақтауға тапсыру, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау туралы анықтамалар беру »;
7) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу » мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 47-жолдың 2-бағанындағы «және сабақтас құқықтармен» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 49-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия