Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Редакция 18.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2013 жылғы № 608 Қаулысымен (12.11.2012 ж. редакцияны қараыңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.06.2013 жылдан бастап)
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 12 қарашадағы
 № 1436 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 № 1324 қаулысына
 1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны
 
Өңірлер Барлығы, штат саны* (бірлік) Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)
Ақмола 2964 4
Ақтөбе 2165 4
Алматы 3368 5
Атырау 1375 5
Шығыс Қазақстан 3474 5
Жамбыл 2283 4
Батыс Қазақстан 2039 5
Қарағанды 2991 5
Қостанай 3130 4
Қызылорда 1607 5
Маңғыстау 1020 5
Павлодар 2526 4
Солтүстік Қазақстан 2440 4
Оңтүстік Қазақстан 3488 5
Алматы қаласы 1161 5
Астана қаласы 784 5
ЖИЫНЫ: 36815 74
Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
*Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, Алматы және Астана қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.
Полная версия
ИС BestProfi