Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 Қаулысы
Осы редакция 08.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863-1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 406-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 117 қаулысымен
 бекітілген
Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар (бұдан әрі – келісімшарттар) талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар бойынша мiндеттемелерiн iске асыру барысы туралы ақпаратты жинау мен қорыту жөнiндегi қызметтi қамтиды.
3. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтиды.
4. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылауды құзыреттi органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Жер қойнауы туралы заңға сәйкес келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезiнде мыналар құзыреттi органдар болып табылады:
көмірсутек пайдалы қазбаларын барлауға, өндiруге және бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган;
қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган.
Полная версия
ИС BestProfi