Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
"Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 8 ақпандағы № 108 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 227-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасында:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың (шарттардың) талаптарын орындауы бойынша – жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауы бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi