«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1469 Қаулысымен (30.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 317-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1469 Қаулысымен (30.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Әзірлеуге арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы негіздеме 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5-тармағы Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мақсаты Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту Міндеттер 1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру 2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану 3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және дамыту 4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету Іске асыру 2010 - 2014 жылдар мерзімдері Нысаналы 1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды индикаторлар нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға ұлғайту. 2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту. 3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету. Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының және қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері және шетелдік инвестициялар мен республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады. 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде: 2010 жылы - 439,173 млн. теңге; 2011 жылы - 1 991, 009 млн. теңге; 2012 жылы - көзделіп отырған жоқ; 2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде көзделеді.
2. Кіріспе
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Полная версия