Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары - мемлекеттiк мекемелерi және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Комитетке берудi қамтамасыз етсiн.
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
5. Комитет төрағасының екi орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 6-жолда: 
"289" деген сандар "243" деген сандармен ауыстырылсын; 
"32" деген сандар "29" деген сандармен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Агроөнеркәсiптiк кешендегі мемлекеттiк инспекция комитеті 49"; 
Полная версия
ИС BestProfi