Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 205 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - ұйымдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) ұйымдардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 28 ақпандағы
 N 205 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын. 
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
Полная версия
ИС BestProfi