Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 426 Қаулысы       
Редакция 23.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысымен (30.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2015 жылы № 222 (28700) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат); 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 
барлық мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын; 
13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын: 
"155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді; 
156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді; 
157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді; 
158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді; 
159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді; 
160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды; 
161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді; 
162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады."; 
14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын: 
"235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру."; 
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 наурыздағы
 N 426 қаулысына
 қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысымен (30.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2015 жылы № 222 (28700) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi