1. Мыналар:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.03.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы министрлiктерінің және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы N 730 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi қайта аталсын.
3. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
4. Мемлекеттік органдар тарату комиссияларын құрсын және таратқаннан кейiн қалған мүлiктi одан әрi пайдалану жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырсын және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 2 тамыздағы N 730 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң таратылатын аумақтың бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
2. Ақтөбе облысы бойынша сәулет -құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
3. Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
4. Атырау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
6. Жамбыл облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы.
Полная версия