Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2009
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 773 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.10.2009 № 1730 Қаулысымен (13.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 13.05.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өсiмдiктep карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын iске асыру және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi мемлекеттiк шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi және Карантиндiк объектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1960 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 630-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 1 тамыздағы
 N 773 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк  
  объектiлерден қорғау жөнiндегі ереже 
Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
1) алу актiсi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктi) алуға өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор беретiн құжат; 
2) карантиндiк тексеру актiсi - карантинге жатқызылған өнiмдi тiкелей тексерген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор беретiн және растайтын карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктiң) және көлiк құралдарының карантиндiк тексеру сәтiндегi карантиндiк жай-күйi туралы куәландыратын құжат; 
3) өсiмдiктердiң iшкi карантинi - карантиндiк объектiлердiң Қазақстан Республикасының iшiнде таралуының алдын алуға, карантиндiк объектiлердiң ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсiмдiктер карантинi; 
4) өсiмдiктердiң сыртқы карантинi - карантиндiк объектiлердiң импортталған карантинге жатқызылған материалмен (жүкпен) әкелiнуiнiң және экспортталған өнiммен әкетiлуiнiң алдын алуға бағытталған өсiмдiктер карантинi; 
5) карантиндiк хабарлама - алдағы уақытта өнiмнiң келiп түсетiндiгi, оның жай-күйi және (немесе) тағайындалған пунктте егжей-тегжейлi тексеру қажеттiгi туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органды хабардар етушi құжат; 
6) карантиндiк зертхана - импорттық және отандық карантинге жатқызылған өнiмнiң үлгiлерiне ондағы карантиндiк объектiлердi анықтауға сараптама жүргiзетiн және объектілердiң карантиндiк түрлерге жататындығын белгiлейтiн, карантиндiк объектiлер жөнiндегi аспаптармен және әдебиетпен жабдықталған мемлекеттiк мекеменiң стационарлық зертханасы; 
7) карантиндiк тексеру - карантиндiк және басқа аса қауiптi объектiлердi анықтау мақсатында көлiктi, карантинге жатқызылған өнiмдi ресми түрде сыртқы байқау, қажет болған кезде шекарада, сондай-ақ осы өнiмнiң келiп түсетiн соңғы орнында үлгiлерiн iрiктеу және оларды сараптау; 
Полная версия
ИС BestProfi