Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 мамырдағы
 N 438 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылықты және заңнамада көзделген шекте оны салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы   заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде заңнамаға сәйкес бюджеттік және валюталық шоттары болады. 
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілсе, Агенттіктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi