Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құрудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 811 Қаулысы
"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
3. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк оңалту, есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу болып айқындалсын.
4. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамын тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкiн мекемеге беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Полная версия
ИС BestProfi