Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Қаулысы
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) құрылсын. 
2. Мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң негiзгi мәнi осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету болып белгiленсiн.
2-1. Мемлекеттік органдар "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін.
Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.12.2009 № 2014 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.12.2009 № 2014 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын. 
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсiн. 
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Премьер-Министрінің         мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2007 жылғы 5 қаңтардағы
 N 1 қаулысына
 1-қосымша
Құрылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi
1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
Полная версия
ИС BestProfi