Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу және келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 Қаулысы
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 333 Қаулысымен (30.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысына сәйкес
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 333 Қаулысымен (30.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидалары
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007. № 999 Қаулысымен. (16.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2009|467558661 № 1719 Қаулысымен (28.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 333 Қаулысымен (30.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілер) ресімдеу және келісу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актілерде нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттік тiркелген күнi мен нөмiрiне сiлтеме;