Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi Палаталардың бiрлескен отырыстарын өткiзу жағдайы мен тәртiбiн, Сенат пен Мәжiлiс Регламенттерiнде реттелмеген мәселелердi қарау, Парламенттiң бiрлескен органдарын құру және олардың қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ Парламенттiң депутаттары мен лауазымды адамдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде Палаталардың өзара қатынастары механизмiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2012 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi
I Бөлiм. Жалпы ережелер
1-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламентi өз жұмысын сессия тәртiбiмен жүзеге асырады.
Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
#$1-тармаққа ҚР Парламентінің 22.06.2012 № 4-V қаулысымен өзгерістер енгізілді.
2-тармақ. Парламенттiң сессиясы Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында ашылып, жабылады. Парламенттiң сессиясын, әдетте, Республика Президентi ашады, ал ол болмаған кезде Мәжiлiс Төрағасы ашады.
Парламенттiң сессиясы ашылған және жабылған кезде Қазақстан Республикасының Гимнi орындалады.
#$2-тармаққа ҚР Парламентінің 22.06.2012 № 4-V қаулысымен өзгерістер енгізілді.
3-тармақ. Парламенттiң кезектi сессияларын Мәжiлiс Төрағасы шақырады және олар жылына бiр рет, қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi.
Парламент сессиясының ашылатын күнi, уақыты және орны туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
#$3-тармақ ҚР Парламентінің 22.06.2012 № 4-V қаулысының редакциясында.
4-тармақ. Заңда белгiленген мереке, демалыс күндерi мен парламенттiк каникул күндерi Парламенттiң жұмыс iстемейтiн күндерi болып табылады.
Егер парламенттiк каникул Парламенттің кезектен тыс сессиясы шақырылуына байланысты үзiлсе, ол кезектен тыс сессияның жұмысы аяқталғаннан кейiн қайта басталып, парламенттiк каникул мерзiмi бiткенге дейiн жалғастырылады.
Парламенттiк каникул Республика Парламентiнiң қаулысымен жарияланады.
#$4-тармаққа ҚР Парламентінің 22.06.2012 № 4-V қаулысымен өзгерістер енгізілді.
II Бөлiм. Парламент палаталарының бiрлескен отырыстарын өткiзу жағдайлары мен тәртiбi
1-тарау. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары
#$1-тараудың тақырыбына ҚР Парламентінің 22.06.2012 № 4-V қаулысымен өзгерістер енгізілді.
5-тармақ. Парламент Палаталарының бірлескен отырысын, Палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс Төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс Төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары сағат 12-ден 12 сағат 30 минутке дейiн және сағат 14-тен 16-ға дейiн үзiлiс жасай отырып, сағат 10-нан 18-ге дейiн өткiзiледi.
Парламент Палатаның бірлескен отырысын өткiзудiң өзгеше уақыты туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
Полная версия