Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.11.2022
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңы
Актінің нысаны және тақырыбы өзгертілді, кіріспе алынып тасталды, мәтіндегі "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықтың", "Осы Жарлық" сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заң" сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 24.11.2004. № 604 Заңымен.(өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Осы Конституциялық заң күшін жойды 2022 жылғы 18 қарашадан бастап ҚР 05.11.2022 жылғы № 153-VII ҚРЗ Конституциялық заңына сәйкес
Редакция 22.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi: 
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды; 
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 17.06.2008 № 41-IV Конституциялық заңымен (24.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2008 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
4-бап. Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. 
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
5-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады. 
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады. 
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады. 
4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiнің өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.
Полная версия
ИС BestProfi