Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 405 Қаулысы
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын: 
1) "Meктепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы"; 
2) "Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы"; 
3) "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы"; 
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2014 жылғы № 1392 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 
2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн; 
3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pеспубликасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi