Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.11.2015
"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-6-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-1-жолмен толықтырылсын:
«222-39-1 «Түркі академиясы» КЕАҚ.
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-жолмен толықтырылсын:
«22. Түркі академиясы».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (19.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 340 Қаулысымен (15.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия