Близость слов: Окончание:





"Ғылым қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысы       
Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғылым қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi елдегi ғылыми зерттеулердiң практикалық iске асырылуын қамтамасыз ететiн басымды, бастамашылық, тәуекелдi зерттеулердiң және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың дамуына жәрдемдесу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға заңнамада белгiленген тәртiппен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетiне берсiн; 
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетiмен бiрлесiп: 
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге мөлшерiнде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 
2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-80-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-37-жолмен толықтырылсын: 
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 
"Акционерлiк қоғамдар" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-жолмен толықтырылсын: 
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi