Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 984 Қаулысы
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (22.10.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 4, 30-құжат):
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
2-тармақтың 1), 2) тармақшалары және 3-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы мыналарды:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшы лауазымына тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 24 және 25-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 984 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ЕРЕЖЕ
Полная версия