Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 961 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 
3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 17 қазандағы
 N 961 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-112, 123-113-жолдармен толықтырылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi