Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 786 Қаулысы
Редакция 08.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның «Математика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:
1) «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
2) «Информатика және басқару проблемалары институты» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Информатика және басқару проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК) болып қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Информатика және басқару проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорындар) және «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК-ға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Кәсіпорындар мен «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың және «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК-ның жарғыларын бекітуге енгізуді;
2) әділет органдарында кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін және «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК-ның мемлекеттік қайта тіркелуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 маусымдағы
 № 786 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (12.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Математика және математикалық модельдеу институты»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-18 және 16-19-жолдармен толықтырылсын:
«16-18. Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
16-19. Информатика және басқару проблемалары институты».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi