Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Оның жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне құрылатын Қоғамның жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының елу пайыз үлесiн қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 200000 (екi жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде ақша бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорнымен Қоғам құру туралы құрылтай шартын жасасуды; 
2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берудi; 
3) Қоғамды құру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Полная версия
ИС BestProfi