Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 390 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
2-тармақтағы "төленетін күнге" деген сөздер "Құрылтай шарты мен Жарғыға қол қою күніне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi