1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
3. Комитеттiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы,
2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.";
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 12-жолда:
"Штат санының лимитi" деген бағанда "297" деген сандар "317" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi 20".
Полная версия