Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - холдинг) акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары берілсін.
2. Холдинг таратылсын.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Комитетпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен холдингтің еншілес заңды тұлғалары акцияларының пакеттерін (қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқықтарын тарату комиссиясы бергеннен кейін оларды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне берсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж, № 44, 500-құжат);
2) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1091 қаулысы;
3) «Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия