Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.11.2019
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысы
Тақырыбы мен мәтіні өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2000 жылғы № 1804 Қаулысымен
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 8 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 798 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға  құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін. 
2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер  арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы  Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2000 жылғы 3 шілдедегі
 N 1006 қаулысына
 қосымша
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2000. № 1804, 22.11.2001. № 1503, 28.12.2001. № 1755, 22.10.2002. № 1138, 29.01.2004. № 100, 29.09.2004. № 996, 13.01.2006. № 38, 28.04.2006. № 340, 27.04.2009. № 585, 02.08.2011. № 900 Қаулыларымен.
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (02.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi 
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (02.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.10.2016 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.2011 жылғы № 900 Қаулысымен (27.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары 
11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 
12. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі
Полная версия
ИС BestProfi