Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 585 Қаулысы       
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 27 сәуірдегі
 N 585 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 28 Қаулысымен (27.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 798 Қаулысымен (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, N 12, 140-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны "СІМ," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын; 
ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі". 
4. "2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны "ҰҚК," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын; 
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".
Полная версия
ИС BestProfi