Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы
Осы редакция 24.06.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы   13-бабының  10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 27 желтоқсандағы
 N 1301 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі 
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау 
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің  
  жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту 
1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын жыл сайын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес анықталған үлгі нысан негізінде тапсырыс берушінің бірінші басшысы (жауапты хатшы) әзірлейді және бекітеді.
2. Тиісті қаржы жылына арналған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасы Заңның  5-бабының  2-тармағында көзделген мәліметтерді қамтуы тиіс.
3. Жоспарланатын номенклатураның бір позициясында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тиісті бөлімнің және кіші бөлімнің шегінде олардың біртектілігі белгісі бойынша ғана топқа бөлінуі мүмкін. Жоспарланатын номенклатураның бір позициясында біртекті емес бірнеше тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті көрсетуге жол берілмейді.
4. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасына өзгерістер мен толықтыруларды Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші енгізеді.
5. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасында қамтылатын мәліметтерді тиісті қаржы жылына арналған тапсырыс берушінің бюджеттің (бизнес-жоспарын, кірістер мен шығыстар сметасын, жеке қаржыландыру жоспарларын) жоспарлау процесінде ол пайдаланады.
6. Тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын, жеке қаржыландыру жоспарларын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде: 
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын бекітеді; 
Полная версия
ИС BestProfi