Мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы N 607 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
103-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отандық тауар өндірушілер деп Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және бөлшектерінің (материалдарының) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (жиналмайтын) пайдалануға (қолдануға) дайын тауар өндіретін және/немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген әрі тұтынуға (қолдануға) дайын және осы конкурста сатып алынатын тауарды шығаратын заңды және жеке тұлғалар түсініледі;".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия